Көшелерді қайта атау және атау беру туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 5 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 маусымда № 87-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Абай облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 4 қарашадағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің Бородулиха, Успенка ауылдарының көшелері қайта аталсын:

      Бородулиха ауылының "Пионерская" көшесі "Песчаная" көшесіне;

      Бородулиха ауылының "Октябрьская" көшесі "Александр Капорин" көшесіне;

      Успенка ауылының "Отдельная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне.

      2. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің Знаменка ауылындағы "Атауы жоқ" көшеге "Мир" атауы берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Садыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады