"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Э.С. Бергеневке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | |
Е. Селиханов |
Бородулиха ауданының әкімдігі 2023 жылғы 10 қарашадағы № 288 Қаулысына қосымша |
Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3780 болып тіркелген).
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3960 болып тіркелген).
3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқтауының оңтайлы мерзімін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 126 қаулысына өзгерту енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 маусымдағы № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4600 болып тіркелген).
4. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқтауының оңтайлы мерзімін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 132 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5157 болып тіркелген).
5. "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 150 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5938 болып тіркелген).
6. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 72 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6817 болып тіркелген).
7. "Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығына айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8588 болып тіркелген).