Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығына айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 111 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 8588 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 288 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 10.11.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурызда № 73 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6818 тіркелген, 2020 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха ауданы әкімі К. Бичуинов

  Әкімдігінің қаулысына қосымша
2021 жылғы 7 сәуірдегі № 111

Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы

Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам)

Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

"Шығыстүстімет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістік кешені

1793

0.2

4

"Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

 
35

 
3

 
1

"Лазарев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

72

1

1

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы

114

4

5

"Новая Заря" шаруа қожалығы

162

0,5

1

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы

124

1

1

"Семейгидрогеология" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

104

1

1

"СФ Песчанка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

59

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады