Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының:
2018 жылғы 20 наурыздағы №25-263/VI "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5604 болып тіркелген) шешімі, соның ішінде:
2022 жылғы 6 сәуірдегі № 14-228/VII "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 25-263/VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Омаров |