Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 11.04.2023 № 1-13/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 25-263/VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5604 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде көрсетілген шешіммен бекітілген:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 38-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
40-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |