Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 30.05.2024 № 13-3/8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6896 болып тіркелген) 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/2 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1-тармақтың бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының төрағасы | |
Т. Сарманов |