Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/2 "Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/4 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 шілдедегі № 102-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 13-3/8 шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 30.05.2024 № 13-3/8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6896 болып тіркелген) 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/2 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      1-тармақтың бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының төрағасы
      Т. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады