"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Тараз қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктеріне:
қаланың солтүстік-шығысында орналасқан жеке тұрғын үйлерге арналған алапқа Тастақ алабы;
10-көшеге Кейкі батыр көшесі атаулары берілсін.
2. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері:
қаланың оңтүстік-батысында орналасқан Алатау 1-тұйық көшесі Жақсылық Үшкемпіров көшесіне;
қаланың солтүстік-шығысында орналасқан Алатау 1-тұйық көшесі Әбілсейіт Айқанов көшесіне;
Бейбітшілік көшесі Шерхан Мұртаза көшесіне;
Модест Мусоргский көшесі Арыстан баб көшесіне;
Модест Мусоргский 1-тұйық көшесі Арыстан баб 1-тұйық көшесіне;
Модест Мусоргский 2-тұйық көшесі Арыстан баб 2-тұйық көшесіне;
Төңкеріс көшесі Қасым Аманжолов көшесіне;
Төңкеріс тұйық көшесі Қасым Аманжолов тұйық көшесіне қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының | |
әкімі | Н. Нуржигитов |
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының төрағасы | А. Нуралиев |