Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 126 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 4-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 шілдеде № 5060 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Тараз қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктеріне:

      қаланың солтүстік-шығысында орналасқан жеке тұрғын үйлерге арналған алапқа Тастақ алабы;

      10-көшеге Кейкі батыр көшесі атаулары берілсін.

      2. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері:

      қаланың оңтүстік-батысында орналасқан Алатау 1-тұйық көшесі Жақсылық Үшкемпіров көшесіне;

      қаланың солтүстік-шығысында орналасқан Алатау 1-тұйық көшесі Әбілсейіт Айқанов көшесіне;

      Бейбітшілік көшесі Шерхан Мұртаза көшесіне;

      Модест Мусоргский көшесі Арыстан баб көшесіне;

      Модест Мусоргский 1-тұйық көшесі Арыстан баб 1-тұйық көшесіне;

      Модест Мусоргский 2-тұйық көшесі Арыстан баб 2-тұйық көшесіне;

      Төңкеріс көшесі Қасым Аманжолов көшесіне;

      Төңкеріс тұйық көшесі Қасым Аманжолов тұйық көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады