"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) "Жамбыл облысының әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 224 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4756 болып тіркелген);
2) "Жамбыл облысының әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 224 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4984 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |