"Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-3 шешiмiне өзгеріс енгізу енгізу туралы

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 17-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 5140 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Заңының 8-бабының 2-тармақ 2) тармақшасына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Меркі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4668 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" саны "800" санына өзгертілсін.

      2. "Меркі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Меркі аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меркі аудандық
      мәслихат төрағасы М. Кокрекбаев

О внесении изменения в решение Меркенского района маслихата от 25 июня 2020 года № 68-3 "Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в Меркенском районе"

Решение Меркенского районного маслихата Жамбылской области от 25 декабря 2023 года № 17-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области от 27 декабря 2023 года № 5140

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", маслихат Меркенского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Меркенского района маслихата от 25 июня 2020 года № 68-3 "Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в Меркенском районе" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4668) следующее изменение:

      число "150" в приложении № 3 настоящего решения изменить на число "800".

      2. КГУ "Аппарат Меркенского районного маслихата" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Жамбылской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Меркенского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Меркенского
      районного маслихата М. Кокрекбаев