Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мойынқұм ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм аудандық | |
мәслихатының төрағасы | Н. Саурыков |
Мойынқұм аудандық мәслихаты 2023 жылғы 23 маусымдағы № 4-10 шешіміне қосымша |
Мойынқұм ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Қосылған құн салығынсыз, теңге |
Жайлы үйлер | айына 1 тұрғынға | 120,00 |
Жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғынға | 144,00 |
Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1440,00 |