"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Т.Рысқұлов аудандық мәслихат аппараты "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы №26-14 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3837 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Е. Абуталипов |