"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Сарысу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | С. Мамытов |
2023 жылғы 14 сәуірдегі № 65 қаулыға қосымша |
Сарысу ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
1) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 290 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №87 болып тіркелген);
2) "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы" Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы №45 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-9-135 болып тіркелген);
3) "Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы №21 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2552 болып тіркелген);
4) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №59 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4940 болып тіркелген);
5) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2730 болып тіркелген).