Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 59 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 4940 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 14.04.2023 №65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 26 (нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 4500 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 07 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұралиев Нұржан Тоқбергенұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің орынбасары О. Көкей

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 59 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны (адам)

1

2

3

4

5

1

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №11 Сарысу колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

57

2 %

1

2

"Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының "Айгөлек" бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

79

2 %

2

3

"Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының "Болашақ" бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

86

2 %

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады