"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талас ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Талас ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі №138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3434 тіркелген);
2) "Талас ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 112 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас ауданы әкімі | Н. Жунисбеков |