Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Талас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Талас аудандық мәслихатының "Талас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтерін бекіту туралы" 2017 жылғы 28 қарашадағы №25-3 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3637 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас аудандық | |
мәслихатының төрағасы | К. Садубаев |