Талас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда № 3637 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 8-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 25.09.2023 № 8-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Талас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Талас аудандық мәслихаттың аудандық әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджет, жергілікті салық және қала шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы Е. Кулекеев

      Мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы У. Аманжолова

  Талас аудандық маслихатының
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 25-3 шешіміне 1 қосымша

Талас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Нормасы, жылына 1 есептік бірлік куб.метрге

1.

Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер

1 тұрғын

0,73

Тұрмысқа жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,73

2.

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

1,1

3.

Мекемелер, офистер, ұйымдар, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,72

4.

Емхана

1 келуші

0,01

5.

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері

1 төсек-орын

1,43

6.

Мектеп және басқа да оқу орындары

1 оқушы

0,3

7.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,02

8.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,19

9.

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңының 1 м2

0,02

10.

Стадиондар, спорт алаңдары

1 орын жоба бойынша

0,43

11.

Спорттық, би және ойын залдары

Жалпы алаңының 1 м2

0,43

12.

Азық-түлік дүкендер

1 м2 сауда алаңы

0,72

13.

Көліктен сату

1 м2 сату алаңы

0,21

14.

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

1 м2 сауда алаңы

0,63

15.

Базарлар, сауда павильондары, дүнгіршектер, сөрелер

1 м2 сауда алаңы

0,72

16.

Дәріхана

1 м2 сауда алаңы

0,63

17.

Автотұрақтар, автомобильды жуу орындары, жанар-жағар май құю бекеті, гараждар

1 машина-орын

1,49

18.

Автомобиль шеберханалары

1 қызметкер

2,9

19.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орын

9,5

20.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу

Жалпы алаңының 1 м2

0,3

21.

Зергерлік шеберханалар, аяқ киім, сағат жөндеу

Жалпы алаңының 1 м2

0,20

22.

Ұсақ жөндеу және қызметтер (кілтті жасау және тағы басқа)

1 жұмыс орын

0,16

23.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңының 1 м2

0,07

24.

Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын адамдар саны

1000 қатысушы

0,03

  Талас аудандық маслихатының
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 25-3 шешіміне 2 қосымша

Талас ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері

      Жинаудың және әкетудің өзіндік құны 1м3 тұрмыстық қатты қалдықтар - 1811 тенге.

      2017 жылы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету бойынша қызметтердің 1м3 құнын есептеу.

Атауы

Теңге

1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкетуге, 1м3

1.1

Жинау және әкету 1м3 тұрмыстық қатты қалдықтар үшін

1811

1.2

Тариф, қосылған құн салықсыз тариф

1617

2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету айына 1 адамға тарифі

2.1

Барлығы, тариф бойынша 1м3

1811

2.2

1 адамға айына арналған тариф

110

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады