Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қазандағы №34-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3979 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының | |
мәслихат төрағасы | Ж. Абенов |
Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 4-3 шешімге қосымша |
Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Елді мекен | 1 м3 қатты тұрмыстық қалдықтарының тарифі (теңге) | |
Шу ауданы | 2953 | |
1 тұрғынның айлық тарифі (теңге) қосылған құн салықсыз | ||
Абаттандырылған тұрғын үйлер (тенге) | Абаттандырылмаған тұрғын үйлер (тенге) | |
391 | 502 |