Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қазандағы № 34-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қарашада № 3979 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 4-3 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14285 болып тіркелген) сәйкес Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шу аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, энергетиканы жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Абдуманапов
      Мәслихат хатшысы Е. Өмірәлиев

  Шу аудандық мәслихатының
2018 жылғы 11 қазандағы
№ 34-2 шешіміне 1 қосымша

Шу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтардың жиналу объектісі

Есептік бірлік

Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормалары, 1 м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

0,92

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,76

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi

1 орын

2,1

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,4

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

1,48

6

Емханалар

1 адам

0,0006

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,42

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,62

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 орын

1,68

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,43

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1м2

0,33

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,1

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1м2

0,11

14

Азық-түлiк дүкендерi

сауда алаңы 1м2

1,05

15

Машиналардан сату

сауда алаңы 1м2

0,4

16

Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңы 1м2

0,38

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

сауда алаңы 1м2

0,45

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1м2

0,7

19

Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1м2

0,48

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1м2

0,89

21

Дәрiханалар

сауда алаңы 1м2

0,47

22

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, автокөлік жанармай станциясы, гараждар

1 машина-орын

12,28

23

Автокөлік шеберханалары

1 жұмысшы

4,66

24

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орын

1,58

25

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

жалпы алаңы 1м2

0,62

26

Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1м2

1,1

27

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету (кiлттер жасау және тағы басқалар)

1 жұмыс орын

1,1

28

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1м2

1,01

  Шу аудандық мәслихатының
2018 жылғы 11 қазандағы
№ 34-2 шешіміне 2 қосымша

1. Шу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтері

      1 м3 қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және әкетудің өзіндік құны - 958 теңге.

      1 м3 қатты тұрмыстық қалдықтарды көмудің өзіндік құны - 247,79 теңге.

      2018 жылға тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге және көму қызметтері ақысының есебі (айлық есептік көрсеткіш - 2405 теңге).

Тұрмысқа жайлы секторының абонент тұрғындары үшін қызметтер құнын есептеуді жинау, әкету және коммуналдық қалдықтарды көму (жеке тұлғалар үшін)

Атауы

теңге

1. Тұрмыстық қатты қалдықтары жинау және әкету, 1 м3

1.1

1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтары жинау және әкету

958

1.2

Табыстылық, 15%

143,7

1.3

Тариф, қосылған құн салықсыз

1101,7

1.4

Тариф, қосылған құн салығымен

1233,9

2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму 1 м3

2.1

1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарды көму

395,35

2.2

Табыстылық, 15%

59,3

2.3

Барлығы

454,65

2.4

Тұрғындардан 1 м3 қатты тұрмыстық қалдықтардан қоршаған ортаға эмиссия ақысы (2405 теңге*0,38*0,2*0,2)

36,56

2.5

Тариф, қосылған құн салықсыз

491,21

2.6.

Тариф, қосылған құн салығымен

550,15

3. Айына 1 адамға тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму, тарифі

3.1

Барлығы, 1 м3 тариф үшін (1.5 бет+2.7 бет+3 бет) теңге

1592,91

3.2

1 адамға айына арналған тариф

115

2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің абоненттері үшін (жеке және заңды тұлғаларға) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге және көму бойынша қызметтердің құнын есептеу

Атауы

теңге

1. Тұрмыстық қатты қалдықтары жинау және шығару, 1 м3

1.1

1 м3 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету

958

1.2

Табыстылық, 15%

143,7

1.3

Тариф, қосылған құн салықсыз

1101,7

1.4

Тариф, қосылған құн салығымен

1233,9

2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму 1 м3

2.1

1 м3 Тұрмыстық қатты қалдықтары көму

395,35

2.2

Табыстылық, 15%

59,3

2.3

Барлығы

454,65

2.4

Шаруашылық субъектілерден қатты тұрмыстық қалдықтардан қоршаған ортаға эмиссияға ақысы (2405 теңге*0,38*0,2)

182,78

2.5

Тариф, қосылған құн салықсыз

637,43

2.6.

Тариф, қосылған құн салығымен

713,92

3. Айына шаруашылық субъектілердің абоненттеріне тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму

3.1

Барлығы, 1 м3 тариф үшін (1.5 бет+2.7 бет+3 бет) теңге

1739,13

3.2

Айына шаруашылық субъектілеріне арналған тариф, теңге

1739,13

3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды полигонда көму қызметінің ақысы

(айлық есептік көрсеткіш-2405 теңге)

Атауы

теңге

1 м3

1 тонна

1. Тұрғындардың тұрмыстық қатты қалдықтарды көму 1 м3

1.1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму

395,35

1976,75

1.2

Табыстылық, 15%

59,30

296,51

1.3

Барлығы

454,65

2273,26

1.4

Тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтардан қоршаған ортаға эмиссияға ақысы (2405 теңге*0,38*0,2*0,2)

36,56


1.5

Тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтардан қоршаған ортаға эмиссияға ақысы (2405 теңге*0,38*0,2)


182,78

1.6

Барлығы

491,21

2456,04

1.7

Барлығы тұрмыстық қатты қалдықтары көму тарифі

491

2456

2. Шаруашылық субъектілерден тұрмыстық қатты қалдықтарды көму, 1 м3

2.1

Тұрмыстық қаттықалдықтары көму

395,35

1976,75

2.2

Табыстылық, 15%

59,3

296,5

2.3

Барлығы

454,65

2273,25

2.4

Шаруашылық субъектілерден қатты тұрмыстық қалдықтардан қоршаған ортаға эмиссияға ақысы (2405 теңге*0,38*0,2)

182,78


2.5

Шаруашылық субъектілерден қатты тұрмыстық қалдықтардан қоршаған ортаға эмиссияға ақысы (2405 теңге*0,38)


913,9

2.6

Барлығы

637,43

3187,15

2.7

Барлығы, тұрмыстық қатты қалдықтары көму тарифі

637

3187


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады