Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 14-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Шу аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне (Нормативтік құқықты актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 тармақтың 2), 6), 7) тармақшалары және 8) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары келесі редакцияда жазылсын:
2) санаторий - курорттық емделуге: жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, еңбек ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселенген деңгейінен аспаған жағдайда, курорттық орындарда емделгені жөніндегі түбіртекті ұсыну бойынша, жол құнын өтеусіз, бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) қатерлі ісік аурулары бар науқастарға жан басына шаққандағы орташа табысы бес еселенген күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш шегінде жыл сайын жылына 1 рет әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымның анықтамасы негізінде тағайындалады;
7) жан басына шаққандағы орташа табысы 2 (екі) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға) келесі санаттарға:
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
қандас мәртебесі бар адамдарға;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған отбасыларға;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар немесе көп балалы отбасылар;
толық емес отбасыларға.
8) тұрғын үйді газдандыруға бір рет әлеуметтік көмек: жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3(үш) еселенген деңгейінен аспайтын, газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі.
Әлеуметтік көмектің көлемі 130 (жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде, оның ішінде газ орнатудың келісім шарты және қосымша газ орнатуға қажетті сатып алынған тауарлардың түбіртектері арқылы анықталады.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтауды, білім беруді, қоғамдық және жастар ұйымдарының құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының | |
мәслихат төрағасы | Ж. Абенов |