Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 қаңтарда № 5141 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының, "Ардагерлер туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес Шу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шу аудандық мәслихаты интернет - ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шу ауданының
      мәслихат төрағасы Ж. Абенов

  Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-4 шешіміне 1-қосымша

Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 30 маусымындағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ мереке күндеріне орай ақшалай көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп - қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек Жамбыл облысы Шу ауданы аумағында тұрақты тұратын азаматтарға бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі.

      5. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына бір рет, ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикасы Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) Қорғаныс министрлiгiне, Ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына– 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде.

      2) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға– 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда)– 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге– 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде, осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне– 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге– 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне– 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарға – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100000 (жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға– 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 60000 (алпыс мың) теңге теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 100000 (жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға– 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарға – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға – 60000 (алпыс мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға– 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің отбасыларына – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, оның ішінде бейбіт кезінде қайтыс болған адагерлердің отбасыларына – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына– 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне – 50000 (елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде.

      3) 16 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңымен белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден кем емес мөлшерінде.

      6. Мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына (мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын құжаттарды ұсына отырып) бір рет және (немесе) мезгіл - мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

      2) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

      Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      6) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы бес еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес;

      7) адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы бес еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) жан басына шаққандағы орташа табысы 2 (екі) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын әр балаға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанына бір рет төленеді) мынадай санаттар бойынша:

      мүгедектігі бар балалар отбасыларына немесе тәрбиелеп отырғандарға;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізіміне сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын балаларға;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізіміне сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға;

      жетім балаларға;

      "қандас" мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға;

      экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасылардан шыққан балаларға;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      толық емес отбасындағы балаларға.

      7. Жылына бір рет әлеуметік көмек өтініштері бойынша келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) онкологиялық қатерлі ісік аурулары бар науқастарға стационар жағдайында арнайы емделуден өткені туралы берілген дәрігерлік қорытынды негізінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болған, табысы үш күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, арнайы комиссияның анықтауымен он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      3) Санаторий - курорттық емделуге әлеуметтік көмек, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген деңгейінен аспаған жағдайда, жылына бір рет беріледі. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек заттай нысанда (мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдамасы) немесе ақшалай түрде (санаторлы-курортты емдеу мекемесінен шот-фактура, фискалды түбіртек, атқарылған жұмыстардың актісін ұсынған жағдайда), қырық бес (45) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы жиырма еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет үш жүз айлық есептік көрсеткіштен көп емес, әлеуметтік көмекке жүгіну табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты ай мерзімде жүргізіледі;

      5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, жылына бір рет жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) тұрғын үйді газдандыруға бір рет әлеуметтік көмек:

      отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш) еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі.

      Әлеуметтік көмектің көлемі бір рет жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.

      7) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен белгіленген, бір мезгілде санаторийлік-курорттық емделуге мүгедектігі бар бір және одан да көп баланы алып жүрушіге жергілікті атқарушы органдардың санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеуі санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеуге қатысты берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшелерінде бір рет жүзеге асырылады.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      9. Мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      10. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту және әлеуметтік көмекті тоқтату Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Шу ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-4 шешіміне 2-қосымша

Шу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 болып тіркелді);

      2. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 49-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4289 болып тіркелді);

      3 "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 59-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 болып тіркелді);

      4. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 61-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 болып тіркелді);

      5. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №44-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 70-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4725 болып тіркелді);

      6. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 77-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4849 болып тіркелді);

      7. Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 44-3 "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 36-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31408 болып тіркелді);

      8. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №44-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 4-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5056 болып тіркелді);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады