"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жалпы көлемі 4 038,349 гектар шекараларды белгілей отырып, Шу ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінен 940,349 гектар жерді қосу жолымен Шу ауданының Өндіріс ауылдық округі Абай ауылының шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Шу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Шуского района | |
Жамбылской области | Б. Джанибеков |
Шу ауданының | |
мәслихат төрағасы | Ж. Абенов |