Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық округі Абай ауылының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 291 бірлескен қаулысы және Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 4-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 5058 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жалпы көлемі 4 038,349 гектар шекараларды белгілей отырып, Шу ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінен 940,349 гектар жерді қосу жолымен Шу ауданының Өндіріс ауылдық округі Абай ауылының шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Шу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким Шуского района
      Жамбылской области Б. Джанибеков
      Шу ауданының
      мәслихат төрағасы Ж. Абенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады