Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 - бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 51/01 қаулысына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі
№ | Тауардың атауы | Шекті сауда үстемесі (жеткізу құнын қоса алғанда, сатып алу бағасынан артық емес) % |
1 | Бірінші сортты бидай ұны | 10 |
2 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) | 10 |
3 | Рожки (өлшеніп салынатын) | 10 |
4 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) | 10 |
5 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) | 10 |
6 | Картоп | 10 |
7 | Асханалық сәбіз | 10 |
8 | Басты пияз | 10 |
9 | Ақ қауданды қырыққабат | 10 |
10 | Ақ қант – құмшекер | 10 |
11 | Күнбағыс майы | 10 |
12 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) | 10 |
13 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) | 10 |
14 | Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада | 10 |
15 | Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада | 10 |
16 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) | 10 |
17 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | 10 |
18 | Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа) | 10 |
19 | Сүзбе: майлылығы 5-9% | 10 |