Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысы әкімдігінің "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы" 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 51/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 47-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысы әкімінің міндетін атқарушы | У. Усенов |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 25/01 қаулысына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі
№ | Тауардың атауы | Шекті сауда үстемесі (жеткізу құнын қоса алғанда, сатып алу бағасынан артық емес), % |
1 | Бірінші сортты бидай ұны | 10 |
2 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) | 10 |
3 | Рожки (өлшеніп салынатын) | 10 |
4 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) | 10 |
5 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) | 10 |
6 | Картоп | 15 |
7 | Асханалық сәбіз | 15 |
8 | Басты пияз | 15 |
9 | Ақ қауданды қырыққабат | 15 |
10 | Ақ қант – құмшекер | 10 |
11 | Күнбағыс майы | 10 |
12 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) | 10 |
13 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) | 10 |
14 | Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада | 10 |
15 | Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада | 10 |
16 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) | 10 |
17 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | 10 |
18 | Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа) | 10 |
19 | Сүзбе: майлылығы 5-9% | 10 |