Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұлытау облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Ұлытау облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Әкім | Б. Әбдіғалиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ұлытау облыстық мәслихаты
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 70/01 Қаулысына қосымша |
Ұлытау облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) Мансап орталығының басшысы;
2) Мансап орталығының сектор басшысы;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;
4) Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
5) Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы.
2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: әдістемелік кабинеттің (орталықтың), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеті басшысы;
4) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: әдістемелік кабинеттің (орталықтың), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеті басшысының орынбасары;
5) мемлекеттік мекеме және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын оқыту бөлігінің басшысы (меңгерушісі);
6) оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушісі);
7) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
8) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;
9) мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог);
10) мұғалім-логопед;
11) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
12) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері;
13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушы-шебері;
14) әлеуметтік педагог;
15) педагог-ұйымдастырушы;
16) қосымша білім беретін педагог;
17) педагог-психолог;
18) психолог;
19) тәрбиелеуші;
20) тәрбиешінің көмекшісі;
21) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы;
22) мәдени ұйымдастырушы;
23) көркемдік жетекші;
24) логопед;
25) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;
26) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
27) аккомпониатор (негізгі қызметтердің);
28) концертмейстер (негізгі қызметтердің);
29) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);
30) кітапханашы;
31) мейірбике (мейіргер);
32) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
33) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
34) емдәмдік мейірбике;
35) хореограф (негізгі қызметтердің);
36) хореограф;
37) әдіскер (негізгі қызметтердің);
38) әдіскер;
39) зертханашы;
40) іс жүргізу бойынша инспектор;
41) бухгалтер;
42) экономист;
43) заңгер;
44) программист;
45) жүйе әкімшісі;
46) аудармашы;
47) мемлекеттік сатып алу менеджері;
48) шаруашылық меңгерушісі;
49) комендант;
50) паспортшы;
51) іс жүргізуші;
52) хатшы;
53) статистик;
54) оқу бөлімінің хатшысы;
55) барлық мамандықтар инженері;
56) механик;
57) оператор;
58) тіркеуші;
59) архивариус.
3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);
2) бас бухгалтер;
3) кадрлар жөніндегі инспектор;
4) бөлім басшысы;
5) бас қор сақтаушы;
6) мамандар: архивист, ғылыми қызметкер, экскурсовод, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), нұсқаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), қор сақтаушы, тарихшы (негізгі қызметтер), суретші – реставратор, мұражай қараушысы, шаруашылық меңгерушісі, барлық атаудағы техниктер.
4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) спорттық құрылыстың басшысы (меңгеруші);
4) бас бухгалтер;
5) мемлекеттік сатып алу менеджері;
6) әдіскер;
7) барлық мамандықтағы дәрігер;
8) жаттықтырушы-оқытушы;
9) медициналық бике/аға (мамандандырылған);
10) іс жүргізуші;
11) нұсқаушы (нұсқаушы-спортшыдан басқа);
12) барлық атауы бойынша техник.
5. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) бас бухгалтер;
4) бухгалтер;
5) мемлекеттік сатып алу менеджері;
6) кадрлар жөніндегі инспектор;
7) ветеринариялық дәрігер;
8) ветеринариялық фельдшер;
9) ветеринариялық техник;
10) заңгер;
11) статистик.
6. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) бас бухгалтер;
4) бас орман күтуші;
5) инженерлер: ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі, орман қорғау және күзету бойынша, орман пайдалану бойынша, қауіпсіздік техникасы бойынша;
6) орман өрт сөндіру стансасының басшысы;
7) бас орман күтушінің орынбасары;
8) аңшылықтанушы;
9) орман (учаске) шебері;
10) орманшы (инспектор);
11) заңгер;
12) экономист;
13) программист;
14) шаруашылық меңгерушісі;
15) механик;
16) радио-оператор;
17) іс жүргізуші.