Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жезқазған қаласының әкімдігінің "Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" 2015 жылғы 27 тамыздағы №19/34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы";
2) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қоса берілген Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері белгіленсін.";
3) көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | К. Шайжанов |