Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 19/34 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте № 3419 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 14.12.2023 № 42/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 14.12.2023 № 42/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З.Д. Акилбековаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі Б. Ахметов



  Жезқазған қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 27 тамыздағы
  № 19/34 қаулысымен бекітілген

Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшері

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 14.12.2023 № 42/11 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/с


Азаматтар санаты


Жеңілдіктер мөлшері


1


7 жасқа дейінгі балалар


Тегін


2


Көп балалы отбасыларының оқушы- балалары


Тегін


3


Балалар үйлерінен оқушы-балалар


Тегін


4


Спорт ардагерлері


Тегін


5


Оқушылар


Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік


6


Студенттер


Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік


7


Зейнеткерлер


Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік



      *Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады