Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қаражал қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қаражал қаласының әкімдігінің "Қаражал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 1 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 5153) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі | Т. Досаев |