Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 10/83 "Жаңаарқа ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 7/44 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 57-20 болып тіркелді

      Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 10/83 "Жаңаарқа ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық атілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4197 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаарқа ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты аудан әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, ауданның дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және болған жағдайда мөрмен бекітіледі.

      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасымен (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Құрмет грамотасы" жазуы жазылған.

      Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 грамм, түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес.

      Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.

      Айқарма беттің ішкі оң жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында – алтынмен басылған, "Құрмет грамотасы" жазуы, жазудың астында, наградталушының тегі, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады.

      Төменгі бөлігінде аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.

      Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.

      Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Ю. Беккожин

О внесении изменений в решение Жанааркинского районного маслихата от 28 февраля 2017 года № 10/83 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Жанааркинского района"

Решение Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 22 сентября 2023 года № 7/44. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 29 сентября 2023 года № 57-20

      Жанааркинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанааркинского районного маслихата от 28 февраля 2017 года № 10/83 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Жанааркинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4197), следующие изменения:

      в Положении о награждении Почетной грамотой Жанааркинского района, утвержденном указанным решением:

      пункт 7изложить в новой редакции:

      "7. Представление к награждению Почетной грамотой направляется в аппарат акима района не позднее чем за двадцать календарных дней до дня проведения мероприятий учреждениями, организациями независимо от форм собственности, предприятиями, местными исполнительными и представительными органами, общественными организациями, творческими объединениями, органами местного самоуправления.

      В представлении указываются фамилия, имя, отчество, занимаемая должность или официальное наименование (организаций, коллектива) дается характеристика с изложением конкретных трудовых и творческих заслуг, вклада в развитие района. Представление подписывается первым руководителем и скрепляется печатью при наличии.

      К представлению прилагается копия удостоверения личности кандидата либо учредительные документы организации, учреждения или творческого коллектива.";

      пункт 10 изложить в новой редакции:

      "10. Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом района и председателем районного маслихата (или лицами, исполняющими их обязанности) согласно положительному заключению Комиссии путем издания совместного распоряжения.";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Вручение Почетной грамоты производится лично награждаемому в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким и (или) председатель районного маслихата, либо иное лицо по их поручению.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Почетная грамота состоит из папки и вкладыша. Папка изготавливается из синего цвета. На лицевой стороне папки изображен Государственный Герб Республики Казахстан размером 7х7 и надпись "Құрмет грамотасы".

      Почетная грамота изготавливается форматом А3, 1 биг, бумага мелованная, матовая 250 грамм, печать цветная, золото с двух сторон с изображением государственной символики – Государственного Герба Республики Казахстан.

      На левой стороне внутри вкладыша располагаются: по центру – цветное изображение развивающегося Государственного Флага Республики Казахстан.

      На правой стороне внутри вкладыша располагаются: в верхней части по центру - надпись "Құрмет грамотасы", выполненная золотым тиснением, ниже под надписью текст на государственном и русском языках, который содержит слово: "награждается", фамилию, имя, отчество награждаемого, краткое описание заслуг награждаемого. Текст на государственном языке располагается над текстом на русском языке.

      В нижней части располагается текст для подписи акима района и председателя районного маслихата на государственном языке, подпись заверяется гербовыми печатями, после подписи указывается дата награждения на государственном языке.

      Фамилия, имя, отчество награждаемого указываются в соответствии с документом, удостоверяющим личность.

      Наименование организации, учреждения или творческого коллектива указывается в соответствии с учредительными документами.

      Вкладыш заполняется путем компьютерного набора, шрифтами черного цвета, без наклона с использованием принтера. В случае отсутствия данной возможности, вкладыш заполняется рукописно, четким и разборчивым почерком, без помарок чернилами черного цвета.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Ю. Беккожин