"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің "Талдықорған қаласы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 қазандағы № 45-727 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3989 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қаласының әкімі | Е. Бәзіл |