"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу аудандық мәслихатының "Ақсу аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 26-126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4615 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Сулейменов |