Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл аудандық мәслихатының "Алакөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2022 жылғы 10 қазандағы №32-1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №173103 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық мәслихат төрағасы | Д. Каримов |