Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27-179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4600 тіркелген) Ескелді аудандық мәслихатының шешімін күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сатанов |