"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 4 тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қаратал аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 16 наурыздағы № 31-135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4596 тіркелген) Қаратал аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | М. Акимжанов |