"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерін бекіту туралы" 2023 жылғы 26 маусымдағы № 8-5-87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183425 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Шокпаров |