Панфилов ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 8-5-87 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 29 маусымда № 47-19 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8-11-55 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 03.11.2023 № 8-11-55 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1(бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы Е. Шокпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады