"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 4 тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 14 наурыздағы № 34-150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №120477 тіркелген) Сарқан аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы | М. Разбеков |