"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда №11148 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарқан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан ауданының әкімі | Г. Маманбаев |
2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 325 қаулысына қосымша |
Сарқан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Орналасу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1 | Сарқан қаласы, К. Буашев көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында | 180 | 5 | ауыл шаруашылығы өнімдерін сату | "Сайман" дүкені |
2 | Сарқан қаласы, М. Әуезов көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында | 139 | 5 | ауыл шаруашылығы өнімдерін сату | ет павильоны |
3 | Сарқан қаласы, М. Әуезов көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында | 346 | 5 | ауыл шаруашылығы өнімдерін сату | ет павильоны |
4 |
Қойлық ауылы Макетов көшесі, № 164 үйге | 100 | 5 | ауыл шаруашылығы өнімдерін сату |
"Ақнұр" |
5 |
Қойлық ауылы, Макетов көшесі, № 166 үйге | 175 | 5 | ауыл шаруашылығы өнімдерін сату |
"Ақнұр" |