Сарқан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 7 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 13 қаңтарда № 268-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарқан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Сарқан ауданы әкімдігінің "Сарқан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 325 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186630 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан ауданының әкімі Г. Маманбаев

  2025 жылғы 10 қаңтардағы № 7 қаулысына қосымша

Сарқан ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындары

Алып жатқан аланы, шаршы метр

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

1

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы,
К. Буашев көшесі мен А. Пушкин көшесінің қиылысында

180

"Сайман" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

5

2

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы,
М. Әуезов көшесі мен А. Пушкин көшесінің қиылысында

139

"Ет павильоны"

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

5

3

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы,
М. Әуезов көшесі мен А. Пушкин көшесінің қиылысында

346

"Ет павильоны"

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

5

4

Сарқан ауданы,
Қойлық ауылы, Макетов көшесі № 166 үйге қарама-қарсы

100

"Ақнұр" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

5

5

Сарқан ауданы,
Қойлық ауылы, Макетов көшесі № 166 үйге қарама-қарсы

175

"Ақнұр" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын саудалау

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады