Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"__"___________2023 жыл
Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 21/04 қаулысына қосымша |
2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 28.12.2023 № 96/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.11.2023 бастап туындаған құқытық қатынастарға қолданылады) қаулысымен.
Р/с № | Субсидиялар көлемдері, мың теңге | |||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандары тұқымдары | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 1 155 | 372 964 | 377 328 | 17 589 |
Барлығы | 769 036 |