Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының жергілікті бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 12/02 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4679 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |