"Қарағанды облысының жергілікті бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 12/02 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 27/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 6402-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының жергілікті бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 12/02 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4679 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады