Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 103 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-129 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешіммен анықталған, Саран қаласы және Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережеде:
4-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары отбасының әрбір мүшесіне ұсынылған тұрғын үй заңдар жинағымен бекітілген тұрғын үй нормаларына балама және бір бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін - пәтердің жалпы алаңы, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын бір адамға шаққанда он сегіз шаршы метрді құрайды. Жалғыз басты тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар, көп бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін алаңның әлеуметтік нормасы - қырық шаршы метр, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтардың басқа санаттары үшін әлеуметтік нормасы - отыз шаршы метр;";
18-5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"18-5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қазанда № 21500 болып тіркелген) бекіткен, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-тармағының 3-тармақшасында және 12-тармағында көзделген мерзімдер мен тәртіпте тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қалалық мәслихатының төрағасы | О. Баймаганбетов |