"Тұрғын үй катынастары туралы" Казакстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 1 тармағына, "Казакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасымен және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шахтинск каласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылға арналған Шахтинск қаласы және іргелес кенттер бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына тұрғын үйдің пайдалы алаңының бір шаршы метріне 30,41 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы | Ж. Мамерханова |