Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі "Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 25/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 маусымда № 6424-09 болып тіркелді

      Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі "Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" №29/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №5941 болып тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі Р. Кенжебеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақтоғай аудандық

      мәслихатының төрағасы

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 25/01
қаулысына қосымша
  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 шілдесі
№ 29/01
қаулысына қосымша

Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің (бөлімшесінің) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      Әкімші, аккомпаниатор, мұрағатшы, археограф, барлық атаудағы әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, нұсқаушы, ісжүргізуші, дирижер, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары, бөлімнің, сектордың, филиалдың басшысы және орынбасары, шаруашылық және шеберхананың меңгерушісі, дыбыс операторы, дыбыс режисері, архив қоймасының меңгерушісі, барлық мамандық жөніндегі инженер, инспектор, өнертанушы, концертмейстр, мәдени ұйымдастырушы, билет тексеруші, кассир, шебер, әдіскер, механик, музыкалық жетекші, кіші ғылыми қызметкер, мұражай қараушысы, ғылыми қызметкер, оператор, бағдарламашы, аудармашы, редактор, режиссер, аға ғылыми қызметкер, хатшы, барлық атау технигі, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, көркемдік жетекші, қор сақтаушы, экономист, экскурсовод, заң кеңесшісі.

О внесении изменения в постановление акимата Актогайского района от 09 июля 2020 года № 29/01 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, которым за счет бюджетных средств устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки"

Постановление акимата Актогайского района Карагандинской области от 2 июня 2023 года № 25/01. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 6 июня 2023 года № 6424-09

      Акимат Актогайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Актогайского района от 09 июля 2020 года №29/01 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, которым за счет бюджетных средств устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5941), следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актогайского района Р. Кенжебеков

      СОГЛАСОВАНО:

      Председатель Актогайского

      районного маслихата

  Приложение к постановлению
акимата Актогайского района
от 2 июня 2023 года
№ 25/01
  Приложение к постановлению
акимата Актогайского района
от 9 июля 2020 года
№ 29/01

Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, которым за счет бюджетных средств устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

      1. Должности специалистов социального обеспечения:

      Руководитель Центра занятости населения района, заведующий отделом (отделением) социальной помощи на дому, консультант по социальной работе, ассистент по социальной работе, специалист структурного подразделения центра (службы) занятости, консультант по социальной работе центра занятости населения, ассистент центра занятости населения, социальный работник по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах, социальный работник по уходу за престарелыми и лицами с инвалидностью.

      2. Должности специалистов культуры:

      Администратор, аккомпаниатор, архивист, археограф, артист всех наименований, балетмейстер, библиограф, библиотекарь, бухгалтер, ведущий научный сотрудник, главный научный сотрудник, инструктор, делопроизводитель, дирижер, руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения, заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения, заместитель руководителя по административно-хозяйственным вопросам в государственном учреждений и государственном казенном предприятий районного значения, руководитель и заместитель руководителя отдела, сектора, филиала, заведующий хозяйством и мастерской, звукооператор, звукорежиссер, заведующий архивохранилищем, инженер всех специальностей, инспектор, искусствовед, концертмейстр, культорганизатор, контролер билетов, кассир, мастер, методист, механик, музыкальный руководитель, младший научный сотрудник, музейный смотритель, научный сотрудник, оператор, программист, переводчик, редактор, режиссер, старший научный сотрудник, секретарь, техники всех наименований, хореограф, хормейстер, художники всех наименований, художественный руководитель, хранитель фондов, экономист, экскурсовод, юрисконсульт.