Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 29/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 шілдеде № 5941 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 26.03.2021 № 15/01 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 26.03.2021 № 15/01 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

      Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақтоғай аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________ Р. Әбеуов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 шілдесі
№ 29/01
қаулысына қосымша

Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 02.06.2023 № 25/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің (бөлімшесінің) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      Әкімші, аккомпаниатор, мұрағатшы, археограф, барлық атаудағы әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, нұсқаушы, ісжүргізуші, дирижер, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары, бөлімнің, сектордың, филиалдың басшысы және орынбасары, шаруашылық және шеберхананың меңгерушісі, дыбыс операторы, дыбыс режисері, архив қоймасының меңгерушісі, барлық мамандық жөніндегі инженер, инспектор, өнертанушы, концертмейстр, мәдени ұйымдастырушы, билет тексеруші, кассир, шебер, әдіскер, механик, музыкалық жетекші, кіші ғылыми қызметкер, мұражай қараушысы, ғылыми қызметкер, оператор, бағдарламашы, аудармашы, редактор, режиссер, аға ғылыми қызметкер, хатшы, барлық атау технигі, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, көркемдік жетекші, қор сақтаушы, экономист, экскурсовод, заң кеңесшісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады