Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 22.11.2023 № VII-12/93 шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабының 1 тармағына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы | С. Оспанов |