Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде, Қаршығалы ауылдық округінің Көктас ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округі Көктас ауылының көшелері қайта аталсын:
Новая көшесін Сарыарқа көшесіне;
Молодежная көшесін Болашақ көшесіне;
Тельман көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Гагарин және Заготзерно көшелерін Жібек жолы көшесіне;
Абая көшесін Абай көшесіне.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаршығалы ауылдық округінің әкімі | Н. Искаков |